ӘРПК ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ РӘСІМІН РЕТТЕЙДІ

ӘРПК ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ РӘСІМІН РЕТТЕЙДІ

slider
Шілде айынан бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жұмыс істей бастайды. Құқықтық жүйеге арналған жаңа құжат туралы Түркістан облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Негина Қылышпаева егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның айтуынша, әкімшілік рәсім өтініш берушінің құжаты негізінде немесе әкімшілік органның бастамасы бойынша басталуы мүмкін. Өтінішке қойылатын талаптар белгіленеді. Құжатта қателіктер жіберілген жағдайда, әкімшілік орган оларды болдырмау, реттеуге жәрдем көрсетуге міндетті. Ресми қабылданғанға дейін, өтініш иесіне мән-жай, заңдылықтар жан-жақты түсіндіріледі.

«Әкімшілік органдар үшін қосымша талаптарды белгілей отырып, ӘРПК шағымдарды қарау рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейді. Атап айтқанда, бұл барлық мүдделі тұлғаларды тыңдау, істің барлық мән-жайларын зерттеу, шағым қанағаттандырылмаған жағдайда негіздемелерді түсіндіру. Бұл үшін әкімшілік органға дәлелдемелер жинау, құзыретті органдардан қажетті материалдарды талап ету, куәларды шақыру және т. б.өкілеттіктер беріледі», — дейді Н. Қылышпаева.

Шағым қаралғаннан кейін барып жазбаша түрде қабылданады. Өтініш  қанағаттандырылмаған жағдайда, өтініш иесі әкімшілік органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік сотқа шағым жасауға құқылы. Айта кету керек, әкімшілік сот ісін жүргізу моделі жария-құқықтық дауларды қарау үшін ірі қалалар мен облыс орталықтарында (барлығы 21 сот) жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар құруды көздейді.

«Бұл — халықаралық тәжірибе. Көп елдерде мұндай даулар жеке әкімшілік соттарда қаралады», — деді Түркістан облысы әділет Департаментінің бөлім басшысы.

Әкімшілік сот төрелігін енгізу халықтың мемлекеттік басқару істеріне бағыныштылық түрде емес, өз құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың заңды құқықтық құралдарының жиынтығымен ие тең құқықты серіктес ретінде кеңінен араласуын көздейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *