ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

 ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

 Түркістан облысының полицейлері заңсыз 94 келіге жуық балық аулаған браконьерлерді ұстады. Осыған байланысты облыс аумағында тәртіп сақшылары  табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау мақсатында  рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде 2 қылмыс,  31әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 200 000 теңгеден астам айыппұл салынды.

 Аталған жайт бойынша,  Сырдария өзенінде үрмелі қайықпен, заңмен тыйым салынған электр тоғын пайдаланып, балық аулап отырған жерінен 2 ер адам ұсталды. Құқық бұзушылардан балық аулауға арналған құралдар мен қатар,  94 келіден  астам сазан  балығы тәркіленді. Сондай-ақ күдікті азаматтар мақтааралдық тұрғындар болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тағы да осындай заңсыз әрекетпен Шардара су қоймасында ау-тор пайдаланып, темір қайықпен заңсыз балық аулаушылар ұсталды. Олардан айғақты зат ретінде 200 келіге жуық балықтар тәркіленді. Құқық бұзушылар Шардара АПБ-ғажеткізілді.

Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 335-бабымен тіркеуге алынды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеп соғатынын еске салады. Бұл бағыттағы жұмыстар мобильдік топпен өз жалғасын таба бермек, деп атап өтті ТО ПД ЖПК басқармасының аға инспекторы , полиция майорны Нұрлан Тұманбаев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *