ЕЛБАСЫ САММИТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

ЕЛБАСЫ САММИТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

slider
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн форматтағы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитін ашып берді.
«Осы кеңеске қатысып отырғаныма қуаныштымын. Негізі ел Президенті айтқандай, жиынды Түркістанда өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Бірақ пандемияға байланысты көптеген халықаралық іс-шара онлайн форматқа көшіп жатыр. Біз де солай істеуге мәжбүр болып отырмыз. Саммит «Түркістан — түркі әлемнің рухани астанасы» тақырыбында өтуде. Өздеріңіз көргендей, біз бұл қалада 100-ден астам ғимарат салдық. Жақында құрылыстар аяқталады. Сіздер түркі елінің алтын бесігі — Түркістанның гүлденген бейнесін көретін боласыздар, — деді Назарбаев.
Елбасы түркі әлемінің өте маңызды көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи салған және біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Түркия елі біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып растағанын да айта кетті.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысушыларға үндеу жасады.
«Біз бастапқыда Түркістанда кездесу өткізуді жоспарладық. Бірақ пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар енді онлайн өткізіледі. Құрметті қатысушылар, бүгінгі саммит үлкен өзгерістер кезеңінде өтуде. 2020 жылы басталған пандемия әлемді толығымен өзгертті. Бүгінгі таңда көптеген елдер қиындықтарды бастан кешуде, бірақ соған қарамастан біз адамгершілікті жоғалтпадық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береміз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев саммитте.
Елбасының айтуынша, ең бастысы-тұрақты даму.
«Біз ештеңеге қарамастан дамуымыз керек — бұл менің үндеуімнің басты қағидасы. Түркітілдес мемлекеттердің болашағы туралы құжат жасап, оны Түркиядағы саммитте қабылдау қажет. Бакуде өткен саммитте мен саммиттің құқықтық мәртебесін көтеру туралы ұсыныс айтқан болатынмын. Бұдан басқа, біз елдеріміз арасындағы сауданы дамыту және инвестициялар салу жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз», — деп жалғастырды Н. Назарбаев.
Латын әліпбиі түркі әлемінің ортақ жүйесін қалыптастырады. Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде Елбасы, Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біз мәдени-гуманитарлық дамумен бірге бір-бірімізден көп нәрсе үйрене аламыз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында біз жастарды жаһандық деңгейде дамытуға мүмкіндік аламыз», — деді Елбасы.
Сонымен қатар Н. Назарбаев корнавирус пандемиясының салдарына тоқталып, әлем елдері қиындықтарға тап болғанын атап өтті.
«Бұған дейін дағдарыстар болды. Алайда пандемияның салдары әлдеқайда қатты болып тұр», — деп атап көрсетті Назарбаев.
Бүгінгі саммит барысында ҚР Тұңғыш Президенті өзін Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде сайлағаны үшін ұйымға мүше елдердің басшыларына алғысын айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *