ТҮРКІСТАН ЖАСЫЛ ШАҺАРҒА АЙНАЛУДА

ТҮРКІСТАН ЖАСЫЛ ШАҺАРҒА АЙНАЛУДА

slider
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы аяқталған нысандардың жұмысын тексеріп шықты. Бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жасыл қалаға айналып келетін Түркістанның төңірегінде көгал мен ағаш егу жұмыстаны ерекше назар аударылған. Қаланың жасыл желегін жайқалтып, экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ең озық технологиялар қолданылуда.

28 гектар алқапты алып жатқан Түркістан қалалық дендросаябағы қала іргесінде орналасқан. Мұнда 12 мың сан түрлі жеміс ағаштары мен көпжылдық өсімдік түрледі өсіріледі. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам көшеттер егілген. Саябақта сондай-ақ, жасанды көл болады. Әртүрлі гүлдер отырғызылып, аяқжолдар төселіп, жарықшамдар орнатылған. Субұрқақтар және жасанды көпірлер салынған. Мұнда 200-ге жуық жұмысшылар мен 20 техника жұмылдырылған.

Ясауи кесенесінің аумағы жасыл желекке оранып, Ислам бағына айналады. Өмірзақ Шөкеев кесене айналасындағы ботаникалық бақты абаттындыру жұмыстарымен танысты. Жеті гектар жер әлемде сирек кездесетін жасыл желекке оранып, ашық түсті, хош иісті гүлдермен көмкеріледі. Олар жыл 12 ай бойы гүлдеп тұрады.

Облыс басшысы «Керуен сарай» кешені аумағында іске асып жатқан инфрақұрылым жұмыстарын бақылау барысында бірқатар тапсырмалар берді. Демалыс аумағындағы 50 гектар жерді абаттандырып, инженерлік инфрақұрылым жүргізілуде. Жаңадан көшелер төселіп, жарық пен су және кәріз жүйесі қатар жасақтарып жатыр. Облыс әкімі мұндағы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының бекітілген кестеге сай аяқталуын міндеттеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *