ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Атап айтсақ, жасөспірім қыздар арасында 53 келі салмақ дәрежесінде Әсем Серікбай, ұлдар арасында 85 келі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Шынтанов өз салмақтарында үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. 63 келіде күш сынасқан Нұрболат Ергеш күміс алқаны еншіледі. Ал, 48 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Келдібаев қола алқаны қанағат тұтты.
Сонымен қатар, жастар арасында 85 келі салмақ дәрежесінде Нұрбатыр Тұрғанбай қарсыластарынан басым түсіп, бас жүлдені иеленді. 78 келіде Медет Әуесбек қола алқаны құрама қоржынына салды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі