«ӨНЕР БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

«ӨНЕР БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Биыл «Өнер барысы» республикалық турнирі Шымкент қаласында Наурыз мерекесінің он күндігі аясында өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған дүбірлі додада түрлі салмақта өнерпаздар күресті.

Атап айтқанда жобада танымал әншілер, ақындар, актерлар, жайдарманшылар мен журналистер т.б. өнер иелері қазақ күресінен бақ сынасты. Олардың қатарында өткен жылы балуан атанғандары да бар.

Жобаның мақсаты – қазақ күресін дамыту, өнер мен спорттың егіз екенін, қазақ жігіттерінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін көрсету.

Өнер жұлдыздарына Қазақстан барысы атанған балуандар бапкерлік жасаған. Оларға ұлттық санаттағы төрешілер төрелік етті.

Нәтижесінде төмендегілер «Өнер барысы» атанды.

74 кг дейінгі салмақта
1 орын — Асылхан Төлепов
2 орын — Әзімжан Сайдбаев
3 орын — Ақболат Өтебай

82 кг дейінгі салмақта —
1 орын — Арман Қоңырбаев
2 орын — Аян Өтепберген
3 орын — Бейбіт Күшкалиев

90кг салмақта
1 орын — Еркебұлан Дайыров
2 орын — Мейіржан Төребаев
3 орын — Шахризат Сейдахмет

90кг жоғары салмақта
1 орын — Тәуекел Мүсілім
2 орын — Сырымбет Бибосын
3 орын — Ақылбек Іскендіров

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *