«ПӘТЕР» ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА 27 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ.

«ПӘТЕР» ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА 27 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
2021 жылдың 20 мен 23 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында пәтер ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — пәтер ұрлығын ашудағы тиімділікті жақсарту, қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, аталған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау болып табылады. Жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығына аса бейім аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан жедел топтар құрылды. Іс-шара барысында 27 пәтер ұрлығы ашылды. Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *