«ДАМУ» ҚОРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«ДАМУ» ҚОРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласындағы «ЭКО-ФАРМ» ЖШС 2017 жылдан бастап медициналық қорғаныс киімдерін, бір реттік және көп рет қолданылатын медициналық дәке бетпердесін шығарады.


Өндіріс орны былтыр бір рет қолдануға арналған қорғаныс жиынтығы бойынша айына 100 мыңнан астам дайын өнім шығарды. Компанияда 140-тан астам адам жұмыс істейді. Зауыттың 10 қоймасы және Қазақстанның бірнеше қаласында филиалдық желісі бар.

Кәсіпорын басшысы Бүбеш Дінмұхамедтің айтуынша, дайын өнімнің бағасы компоненттердің болуына қарамастан, басқа өндірушілердің өнімдерімен салыстырғанда төмен.

Зауыт 2020 жылы айналым қаражатын толтыру үшін «Даму» Қорынан жеңілдетілген несие сұрады. «АТФБанк» АҚ жобаны қарастыра отырып, 14,5 %-бен қаржыландырды. Оның 8,5 %-ын «Даму» Қоры субсидиялауда. Осылайша «Даму» қоры медициналық бұйымдар шығаратын зауытқа қолдау көрсетті.

Қысқа уақыт ішінде медициналық өнімдер оң бағалануда және сұранысқа ие. Зауыт еңбек нарығын төмендететін және аллергия туғызбайтын заманауи, жоғары сапалы медициналық өнімдер шығару желісін кеңейтуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *