ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» атты байқауы бойынша журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Аталмыш шарада Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер  қауымдастығының төрайымы  Инара Намазбаев сөз алып, «Қайырымдылық керуені» байқауы жалғасып жатқандығын жеткізді.

«ҚР Тұңғыш Президенті – елбасының қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігінің бірлескен «Қайырымдылық керуені»  республикалық байқауы жалғасуда. Жалпы, бұл байқаудың мақсаты – қайырымдылық идеияларын дәріптеп, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Жалпы, бұл байқау республикада ресми жариялағаннан кейін, еліміздің түкпір-түкіпірінде  байқауға қатысу науқаны басталып кетті. Ең қуантарлығы, олардың арасында біздің Түркістан қаласының азаматтары да бар. Қазіргі таңда,  олар тіркеліп, сайттан ақпарат алып, жұмыс істеуде.  

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке  ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Өткен жылдың қарашасынан бастап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде жеңімпаздарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Сайыс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – «Алғыс айту» күні мерекесі қарсаңында анықталады. Барлықтарыңызды байқауға қатысуға шақырамын», – деді И. Әбдіғаппарқызы.

Байқау шарттары бойынша Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, орынбасары Шолпан Бегалиева таныстырды.

«Қайырымдылық керуені» атты байқауының лауреаттар бес номинация бойынша анықталады. Нақты атап өтсек, «Асар» (номинациясы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қыйырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған),  екінші номинация – «Туған жер» (білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі), ал,  «Мейірім жолында» (аталымға ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер адамдар ие болады), «Батыл жүрек» (номинациясы ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету  мақсатында тағайындалады), «Қайырымдылық тарихы» (номинация БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануына қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі), – деді Ш. Маратқызы.

Айта кететін жайт, байқауға кәсіпкерлік субектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) қатыстырылмайды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *