СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТТА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САНЫ АРТТЫ
СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТТА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы, Созақ ауданында цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері артып келеді. Мемлекеттік мекемелер бойынша өткен жылы жалпы 16 мыңнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Төрт мыңға жуық адам халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 700-ге жуық тұрғын электронды үкіметтің веб-порталы арқылы мәселесін шешкен.
Электронды түрде ақпараттық жүйелер арқылы 10 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетілген. Осы бағытта қосымша аудан әкімдігі жанынан «Халықтық кеңсе» ауылдық округтері мен кенттерінде «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштары жұмыс істейді. Аудандағы электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 67%-ды құрады.
Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша іс-шаралар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Осыған орай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және 250 және одан да көп тұрғындары бар елді мекендерді мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамту көзделген. Қазіргі таңда, Абай, Раң және Шу елді мекендеріне сапалы ұялы байланыс арнасы мен интернет желісі орнатылып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сондай-ақ, Шаға, Ақсүмбе, Бақырлы, Сарыжаз, Балдысу елді мекендеріне ұялы байланыс пен интернет желісі ақпан айының соңында іске қосылады деп жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі