Шешіндіріп, дубинкамен ұрады – Шымкент түрмесінің сұмдығы
Шешіндіріп, дубинкамен ұрады – Шымкент түрмесінің сұмдығы
Түрмедегі балаларымыз бен жақындарымыз азапталып жатыр. Шымкентте бір топ жазасын өтеушілердің туыстары осылай деп шағымданды. Олар Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 167/3 түзеу мекемесінің қызметкерлері осындағы жазасын өтеушілерді ұрып-соғып, сан түрлі әдістермен қинап жатқанын айтады. Ішкі тәртіпке мойынсұнбадың деген желеумен, тәулік бойы суық бөлмеге заңсыз қамап, тіпті, жарығы жоқ казармада ұстаған көрінеді. Қала берді, тағамның да мәнісі кеткен дейді сотталушылардың ет-жақындары. Бұл жайында Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне, Бас прокуратураға бірнеше мәрте шағым жазыпты. Бірақ, оңды жауап жоқ дейді, Есесіне, шындықты айтып, шырылдағандарды азаптап жатыр екен, деп хабарлады zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бауыр еті баласының түрмеде азап шегіп жатқанын естіген Зулқия Қалменова жанына келінін ертіп, жаны жәй таппастан 167/3 түзеу мекемесінің алдына келді. Үлкен қақпаның арғы жағында экономикалық қылмыс жасады деген айыппен баласы жазасын өтеп жатыр екен. Бір жыл болыпты Оралдан осында ауыстырылғанына. Содан бері, азаптан көз ашпай келеді дейді ол.
Зулқия Қалменова, жазасын өтеушінің анасы:
Целый отрядқа воды нет деді. Света нет. Вот щас данный момент тоже их днем закрывает клубқа дейді. Темный клубқа. Там ни отопления ни воды. На целый день закроет. А утром им дают манную кашу без молока, яйцо ничего такого не дают.
Азаптауды тоқтатсын деген жазуды қолдарына ұстаған ата-аналар түрменің алдын торуылдап жүрді. Бәрінің айтары бір, талаптары ортақ. Заңға сәйкес, темір торға қамалды, ендеше, жазасын өтесін, тек, оларды қинамасын дейді. Айтуларынша, түрме әкімшілігі сан түрлі азаптау әдістерін меңгеріп алған.
Қалмұрат Ишанқұлов, жазасын өтеушінің әкесі:
Балам айтты, біреуі камераға түсіріп тұрыпты. Біреуі сыртқы күртесін шешіп алып, мына жерінде жазуы болады ғой, аты-жөні. Сол курткасын шешіп алып, екіншісі соның астына лезвия тығып жатыр дейді. Табанынан ұрады екен, құйрығынан ұрады екен. Дубинкамен ұрады екен шешіндіріп тастап.
Лунара Жақсылыққызы, жазасын өтеушінің жұбайы:
Жуырда ғана жолдасым хабарласты. Айтуынша, 2020 жылдың 29 желтоқсанында заңсыз, жалғыз өзін қамап қойған. Түрменің жылуы жоқ, суық бөлмесінде үш тәулік аш-жалаңаш ұстаған. Үстіне, жамылғы бермеген. Тек, 5-ші тәулік дегенде ғана, оның өзінде де түзеу мекемесі басшылығына талап-арызы жоқ екенін жазбаша түрде тапсырған соң, жамылғы берген. Міне, содан кейін, жолдасым ауруханаға түсті.
Сотталғандардың түрмедегі былықтан әбден шаршағандықтан, туыстарына аудио хабарлама жіберген. Онда әрбір жазасын өтеушінің аты-жөні және кімнен қалай таяқ жегендерін ашық мәлімдеген.
Жазасын өтеуші:
Мекемеде ұрып-соғу мәселесі болғаннан кейін, мекеме әкімшілігіне, басқа да бір, тағы басқа да нәрселерге арыз жазған едім прокуратураға. Сол себепті мен «безопаскада» болдым. «Безопаскадан» бүгін шықтым. Қазір, енді мен жазғаннан кейін, бұл мекемеде сондай бір қысым болып жатыр, әр жағынан сондай нәрселер болып жатыр бұл мекемеде.
Осы сынды жазбаларды естіп білген сотталушылардың туыстары енді бауырларын басқа өңірге ауыстыруын талап етіп отыр. Бірнеше рет Бас прокуратураға жазғандарын айтады. Бірақ, оңды шешімге қол жеткізе алмаған. Есесіне, тексеру қорытындысынан кейін түрме әкімшілігінен оңбай таяқ жейміз деп жазасын өтеушінің бірі. Осыған алаңдаған ата-ана ұлымды әкетпей кетпеймін деп отыр.
Жазасын өтеушінің анасы:
Енді қазір не дейді. Сендер қазір жалоба жазсаң, мамаңа үйге звондағанда жалоба айтсаң, еще хуже қыламыз. Сен ДИЗО-дан шығасың, еще жылына жыл қосып береміз екі жыл деп. Енді менің балам осы жерде, не істеймін мен. Оралда 2 жыл СИЗО-да отырғанда мұндай жағдай болмаған еді.
Түрме әкімшілігі болса, жабық мекемеде ондай заңсыз әрекеттер жоқ деп шаң шуытпады. Құзырлы органдардан келген өкілдер кемшіліктерді таба алмай кетіпті.
Нұрлыбек Сандыбаев, ИЧ 167/3 түзеу мекемесі басшысының орынбасары:
Сіздің өткенде арыздарыңыз қазір құзырлы органдар прокуратурада қаралып жатыр. Сотталғандарды азаптау және басқа да заңсыз іс әрекеттер болып жатқан жоқ.
Дегенмен, сотталушылардың туыстары қарап қалмақ емес. Енді олар Президент әкімшілігінен көмек сұрап отыр. Бұл жолы хатқа аудиожазбаны тіркеп, шағымдарды дәлелімен жолдауды жөн көрді. Бірақ, сонда да осы жариялылық үшін жазасын өтеушілер заңсыз жауапқа тартылмас па екен деген күдігі де жоқ емес.