Өзбекстанда шетелдік туристерге келуге рұқсат етілді
Өзбекстанда шетелдік туристерге келуге рұқсат етілді
Фото: podrobno.uz
Өзбекстанда 1 қазаннан халықаралық туризмге байланысты шектеулер алынып тасталады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай шешімді арнайы республикалық комиссия 17 қыркүйекте карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету аясында шығарды.
Алайда туристік компаниялар келушілердің бәрі ПТР-тест тапсырғанына сенімді болуы керек. Сондай-ақ туристердің міндетті түрде медициналық сақтандыруы болуы тиіс.
Егер туристе коронавирустың симптомдары байқалса, ол өз ақшасына елге кірерде өткізу-бақылау пунктінде тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталса, онда өз ақысына карантинге жатқызылады. Емделіп шыққан соң ғана үйіне қайтуға болады.
Айта кетейік, Алматыдан Ташкентке әуе рейстері 11 қыркүйектен жаңартылған.