ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

slider
Шымкент қаласында ауа-райының жылынуымен алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті.  Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты.
 
Көшелерді, аулаларды тазалау жұмысына 10 мыңнан аса тұрғын атсалысты.
 
Сенбілікке 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 150 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар да тазаланды.
 
Сенбілікке қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да қатысты. 
 
— Бұл осы жылдың алғашқы сенбілігі. Қар кеткен соң астында қалған қоқыстарды тазартып жатырмыз. Наурыз айынан бастап сенбілік апта сайын ұйымдастырылатын болады және оған барлық ұйымдардың күші тартылады. Сондықтан қала тұрғындарын да өзі тұратын көпқабатты тұрғын үй болса ауласын, үйлерінің маңын тазалауға шақырамын. Қала тұрғындарын шаһарымыздың тазалығы сақтауға бірлесе атсалысса деймін, — деді Шыңғыс Мұқан.
 
Тазалық шарасына қатысушылар жол бойындағы жасыл аймақтарды, саябақтар мен демалыс орындарын, арық-атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстардан тазартты.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *