Іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды
Түркістан облысының полицейлері 12-14 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасын өткізді. Жедел іс-шараның мақсаты- қоғамдық орындарда және көшелерде тиісті құқықтық тәртіп пен тыныштықты сақтау, құқықбузышылық пен қылмыстардың алдын-алу, жолын кесу және есепте тұрған азаматтарды тексеру, жол ережесінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
Жедел іс-шараны өткізуге 700-ден аса Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері және басқа да қызметтердің өкілдері қатысты.
«Құқықтық тәртіп» жедел іс-шара нәтижесінде полицейлермен жалпы 104 қылмыс ашылды, оның ішінде бұрын жасалған 19 қылмыс бар және іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ, есірткі заттарын сақтау бойынша 2 күдікті ұсталып, 3 азаматтан заңсыз сақтаған атыс қаруы тәркіленді.
Сонымен қатар, полицейлермен жалпы 3196 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде болған және спирттік ішудің 389 жайтымен 147 ұсақ бұзақылық тіркелді. ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 127 жайт тіркелді және 5 адам арнайы қабылдау орнына жөнелтілді.
Ал, жол қауіпсіздігі ережесін бұзушылық бойынша қауіпсіздік белбеуін қолдану ережесін сақтамаған 600-ден астам көлік жүргізушілер әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылды, жылдамдықты асырған 81 көлік жүргізуші, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кетудің 14, көлікті мас күйде басқарудың 18 оқиғасы анықталды. Сондай-ақ, полицейлермен заңсыз жолаушы тасымалдаудың 17 жайты, және еңбек пен демалыс ережесін бұзушылықтың 8 жайты тіркелді.
Түркістан облысы Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы барысында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын-алу және облыстағы жол апаты оқиғаларын азайту, мал ұрлығы жайтын анықтап, алдын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Полицейлер ұрланған малды сатылымға түскенін анықтау үшін мал базарлары мен заңсыз тасымалдарды анықтау үшін оншақты жүк көліктерін тексерді. Полицейлер мал ұрлығының алдын алу және өз мүлкін қылмыстық тонаудан сақтану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ТО ПД Баспасөз қызметі