ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ — «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ — «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»

slider image

Өңірде өкпені жасанды желдету аппараттары мен қосымша 4 оттегі станциялары артты. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 1 мыңға жетіп, оттегі нүктелерінің саны 3 мыңға көбейді. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады. Жедел-жәрдем қызметі 122 жаңа автокөлікпен толықты. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік берді.

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясына шалдыққан  16  адам тіркелді. Пандемия басталғалы бері 4 002 жағдай тіркеліп, 3 735 адам жазылып шыққан. Облыс эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші  бойынша «жасыл аймақта» тұр. Бүгінгі таңда аймақта 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын дайын. Коронавирустық инфекция өршіген жағдайда  инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *