Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Видеодан кадр
Павлодарда полицейлер 74 жастағы зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, оқиға Мәшхүр Жүсіп және Лермонтов көшелерінің қиылысында болған.
«Жүргізуші 74 жастағы зейнеткерді қағып, қашып кеткен. Көлік пен жүргізушіні анықтау үшін шұғыл-іздеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомствоның мәліметінше, зейнеткер әйел жолдан өтуге болмайтын жерден өткен. Оқиға орнынан бірден ауруханаға жеткізілген.
Аймақтың Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, зейнеткер кеуде қуысынан жарақат алған, қабырғасы сынған, миы шайқалған.