ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысын сайлау, тұрақты комиссияларын құру және сан құрамын белгілеу, тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау мәселелері қаралды.

Алдымен жаңадан сайланған мәслихат депутаттарына салтанатты жағдайда депутаттық куәліктері тапсырылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов мәслихат хатшысы лауазымына депутат Бахадыр Нарымбетовтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов депуттарды ел сеніміне ие болуымын құттықтап, бірлесе жұмыс істеуге шақыры.

 

– Сіздерге зор сенім артылып отыр. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады деп сенім білдіремін. Депутаттық корпустағы әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға жетті. Депутаттар арасында 8 әйел мен 29 жасқа толмаған 4 азамат бар. Белгілі тұлғалар, кәсіпкерлер, әлеуметтік салаларда еңбек сіңірген азаматтар, БАҚ өкілдері мандатқа ие болып отыр. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту, халықтың тұрмыс сапасын көтеру, қолайлы орта қалыптастыру –басты бағыт. Ендігі мақсат – даму үдерісін әрі қарай жалғастыру. Ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етуге шақырамын, – деді қала әкімі.

Сессия барысында бес тұрақты комиссия – бюджет және экономикалық даму, әлеуметтік-мәдени даму, құрылыс және аумақты дамыту, кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру, заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару комиссиялары құрылып, олардың төрағалары сайланды.

 

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *