ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде үздіктер анықталды.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

— ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде үздіктер анықталды. Шымкент қаласы соңғы бес айда бірінші орында келеді. Бүгінгі таңда белсенділік 92,52 пайызды құрап отыр. Келесі кезекте жыл қорытындысы шығады. Яғни, Шымкент қаласында қашықтан оқыту барысы өз деңгейінде, – деді Ж.Тәжиева.

Айта өтсек, Шымкент қаласында қашықтықтан оқытуда І тоқсанда жалпы 1-4 сыныптар аралығында 51 196 (23%) оқушысы 4 016 кезекші сыныпта және 173 133 (77%) оқушы қашықтықтан оқыды.

ІІ тоқсанда 5 893 кезекші сыныпта 76 827 оқушы білім алуда. Одан бөлек штаттық режимде 9 мектеп 2 056 оқушымен (39%), кезекші сыныпта білім беретін 4 543 мұғалімге толығымен қосымша ақы төленген.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *