«iKOMEK» ТҰРҒЫНДАРҒА МАРШРУТТАР ТУРАЛЫ ОНЛАЙН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУДЕ

«iKOMEK» ТҰРҒЫНДАРҒА МАРШРУТТАР ТУРАЛЫ ОНЛАЙН МӘЛІМЕТТЕР БЕРУДЕ

slider
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен онлайн аппараттық жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қала тұрғындарынан келіп түсетін арыз-шағымдар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Жалпы қаламызда 20 көлік компаниясы күнделікті 64 маршрутта, 1040 қоғамдық көлік арқылы жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Осы орайда тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты келіп түсетін шағымдарды азайту негізгі жолға қойылған. Аталған басқарманың «Диспетчерлік қызмет орталығы» МКМ-і маршруттардағы автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу, әрбір бағыттың жұмысына сараптама жүргізіп отыр.
— Жыл басынан тасымалдаушы кәсіпорындарға заңнамалар мен шарт талаптарын орындау бойынша тиісті шаралар қабылдауды, бағыттардағы жұмысты жолға қою туралы 273 ескерту хат жолданды. Анықталған бұзушылықтарға жол бергені үшін кондукторлар мен жүргізушілерге көлік компаниялары тарапынан шаралар көрілуде -, деді басқарма басшысы Е.Жолдасов.
Сонымен қатар, «ЦДС» пайдаланып отырған бағдарлама негізінде «Ай Көмек» қызметі интеграцияланды. Бүгінде «Ай Көмек» қызметінің мамандары онлайн режимде маршруттар туралы тұрғындарға мәліметтер беріп жатқанын атап өтті.
Спикердің баяндамасын тыңдаған шаһар басшысы Заңнамаға сәйкес шарт талаптарын орындамайтын көлік компанияларына қатаң шара қолдану керектігін, қажет болған жағдайда сот арқылы мәселені шешуді тапсырды.
 Қоғамдық көліктерге қатысты арыз-шағымдар бойынша «Ай көмек» — 109 нөміріне хабарласуға болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *