МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ӘРБІР ЕЛДІМЕКЕНДЕ ЖЫЛЫЖАЙ, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ӘРБІР ЕЛДІМЕКЕНДЕ ЖЫЛЫЖАЙ, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ БОЛАДЫ

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды онлайн режимде қабылдап, жеке мәселелеріне жауап берді.

Онлайн форматтағы кездесуге 10-нан астам қала тұрғыны жазылған. Олар негізінен әлеуметтік, инфрақұрылым, коммуналдық-шаруашылық, жер, жұмыспен қамту сынды мәселелерін жеткізді.

Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыссыздық санын азайту мақсатында әрбір елдімекенде жылыжай, мал шаруашылығы кластерін дамыту арқылы қол жеткізуге болатынын алға тартты.

Одан өзге, кездесуге жазылған Абай ауданы Карл Маркс елдімекені тұрғыны Сұлушаш Курашева Бадамская көшесін жарықтандыру мәселесін көтерді.

Қала әкімінің айтуынша, аталған аумаққа жарықтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары 2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізіледі, жарықтандыру жүйелері бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүргізілетін болады.

 

Ал, Көкбұлақ тұрғын алабы тұрғындарының интернетпен қамту мәселесі бойынша бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғын алапты интернетпен қамтамасыз етуде антенна құрылғысын орнату үшін арнайы жер учаскесі бөлінген. Байланыс операторы базалық станцияларын орнату бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатын болады.

 

Сондай-ақ, кездесуде Еңбекші ауданының тұрғындары Қарлығаш Жүсіпәлиева, Динара Насырова тұрғын үй мәселесі шешілмей жатқанына шағымданды. Қала әкімі Заң талаптарына сәйкес, тұрғын үй тек кезек арқылы берілетінін айтты. Бұл бағытта тиісті сала басшысына жұмыстарды ашық форматта ұйымдастыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *