МАДИЯР ЖАҚСЫБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ  БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МАДИЯР ЖАҚСЫБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ  БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің №39 бұйрығына сәйкес азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Мадияр Есенгелдіұлы 1979 жылы Сырдария облысы, Гулистан ауданы, Крестьянское ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ жоғары өртке қарсы техникалық мектебін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Қызметін Сырдария облысы ІІБ халық арасында үгіт-насихат жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі инженер лауазымынан бастады. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды. Мадияр Есенгелдіұлы 20 жылдан астам азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін сауатты офицер, жауапты басшы ретінде көрсетті. Осы салада қарапайым қызметкерден жұмыс бастап, өзінің іскерлігі мен көзге түскен  Мадияр Есенгелдіұлына біз де қызметіне табыс тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *