КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ҮШІН 17 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ҮШІН 17 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында халықты кәріз жүйесімен қамтылуы 49,1% құрап отыр. Бұл көрсеткішке қала орталығындағы 2 196 көпқабатты тұрғын үй мен шағын аудандардағы 37 540 жеке тұрғын үйлер кіреді.
Бұл жөнінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетовке баяндады.
Шаһарда кәріз жүйесімен қамтылуы бойынша Әл-Фараби ауданы көш бастап тұр. Ауданға аумағы қала орталығында орналасқандықтан 81,5% кәрізге қосылған. Ал, Еңбекші аудынында кәрізбен қамтылу 50% құрап отыр. Абай ауданында 42,5%, Қаратау ауданы халқының 26,3% кәріз жүйесі тартылған.
Басқарма басшысының сөзінше бүгінде қалада кәріз жүйелерімен қамтылуын жоғарылату мақсатында басқарма тарапынан 17 нысанның құрылыс жұмысы жүргізілуде.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Наурыз шағын ауданындағы үйлерді кәріз жүйесіне қосуға және Базарқақпа тұрғын алабындағы кәріз жүйесіндегі мәселені шешуге тапсырма берді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі