Қырғызстан президентінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Қырғызстан президентінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды

©REUTERS©REUTERS

Қырғызстан конституциясына сәйкес президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенештің төрағасына (спикерге) өтеді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Президент осы Конституцияда көрсетілген себептер бойынша өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілеттігін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады», — делінген ел конституциясының 68-бабында.

Қазір парламент спикері Қанатбек Исаев. Оған 78 адам дауыс берген, 2 адам қарсы болған.

Ол бүгін таңертең Жээнбековті отставкаға кетпеуге шақырған болатын.

«Ол қазір өкілеттігін қалдырмауы керек. Бұл дұрыс емес және бұл тәртіпсіздіктердің жаңа кезеңін тудыруы мүмкін», — деген ол.

Жээнбеков халыққа үндеуінде елдегі шиеленістер сақталып отырғанын, ал агрессия бәсеңдемегенін және оның «тез арада отставкаға кетуін талап ету жалғасып жатқанын» атап өтті. Жағдай екіжақты қақтығысқа жақындап келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *