Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Шетелден келген тағы төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Олар қолында КВИ-дің бар-жоғын нақтылайтын құжат болғандықтан анализ тапсыру үшін алдында стационарлық ауруханаға карантинге орналастырылған.
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов түнде келген қанша жолаушы ПТР-тест тапсыру үшін карантинге орналастырылғанын айтты, деп хабарлады zakon.kz.
— Биылғы жылдың 14 қазанына қараған түні 9 рейс келді, ондағы 1 052 жолаушының 862-сінде КВИ бар-жоғын растайтын құжат болған, ал 190 адамның анықтама қағазы болмаған, — деді Байғабылов.
5 рейс Нұр-Сұлтан қаласына қонды, онда 533 жолаушы болды, оның 118-нің анықтамасы болмаған;
Алматыға 3 рейспен 428 жолаушы келді, оның 62-сінің анықтамасы болмаған;
Ақтауға 1 рейспен 91 жолаушы келді, оның 10-ында анықтама болмаған.
Анықтама қағазы жоқ барлық 190 әуе жолаушылары ПТР анализі үшін келген қалаларындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды.
— Айта кету керек, биылғы жылдың 13 қазанында Алматыға шетелден келген 4 азаматтан (біреуі Анталиядан, ал үшеуі Шарм-эль-Шейхтен келген) коронавирус анықталды. Төрт азаматта да COVID-19 бойынша ПТР-тест анықтамасы болмаған. Барлық қажетті медициналық және эпидемияға қарсы шаралар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, — дейді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.
Бұған дейін шетелден оралған алты қазақстандыққа коронавирус диагнозы қойылғандығы хабарланған.