Өскеменде есірткі сатумен айналысқан фитнес жаттықтырушы ұсталды
Өскеменде есірткі сатумен айналысқан фитнес жаттықтырушы ұсталды
Өскеменде полицейлер есірткі өткізумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны ұстады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы «Қарасора» жедел және алдын-алу шаралары барысында Өскеменде ұзақ уақыт марихуана сатумен айналысқан фитнес орталықтарының біріндегі жаттықтырушыны ұстады», — делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның есірткі сатқаны анықталды, ұстау кезінде күдіктіден 30 дозадан аса бір реттік марихуана тәркіленді», — деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Департамент мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері ШҚО полицейлері 170 есірткі қылмысын анықтады, оның 141-і есірткі өткізуге қатысты. 222 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның 3,7 келісі психотроптық заттар.