Коронавирус ауру белгісі жоқ, жастардан тарап жатыр — ғалымдар

Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сай, ауру белгісі жоқ жас адамдар коронавирустың тарауында үлкен роль ойнауы мүмкін. Бұл туралы Deutsche Welle басылымында шыққан мақалада айтылған, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық мамандардың айтуынша, коронавирус жұқтырған симптомсыз әйел адам жалпы 71 адамға COVID-19 жұқтырған. Ол вирусты Қиытайдағы өз үйіндегі лифтте тұрып таратқан.
Жапондық ғалымдар жақында зерттеу жүргізген. Соған сәйкес, 3000 жаңа жағдай анықталған. Мамандар коронавирустан таратқан 22 адамды анықтаған. Олардың ішінде, әрбір екінші адамның жасы 20-39 аралығында. Ғалымдар бұл жайтқа таңғалған, себебі Жапонияда көбіне коронавирусты 50-70 жас аралығындағылар таратқан.
Киото университетінің вирусология кафедрасының доценті Юки Фурусе жастарда коронавирус жеңіл түрде өтетіндіктен, олар басқаға таратуы мүмкін екенін білмей қалатынын айтады.