ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ИСАХОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ИСАХОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

slider
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындармен арыз-шағым, өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Азаматтарды қабылдау карантиндік шектеулерге байланысты онлайн желісіне көшкендіктен, азаматтармен қолжетімді ресурс ретінде WhatsApp видео қоңырауымен байланысты.

Бүгінгі таңда жол құрылысы, қоғамдық көліктер мен аялдамалар бағытына бірқатар жаңартулар мен өзгерістер еңгізіліп жатыр. 206 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 260 жаңа аялдамалар орнатылып, ескі аялдамалар ретке келтіріліп, шет аймақтарға қойылуда. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге электронды Төлем жүйесі енгізіліп, арнайы бағыттар бойынша жаңа жүйе әзірленуде.
Бұл ретте, тұрғындар да белсене ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өз мәселелерін қоғамдық қабылдау арқылы жеткізуде.
Солардың бірі, Роза есімді қала тұрғыны. Азаматшаның айтуынша, тұрғылықты мекен-жайына автобустардың қатынамауы тұрғындар үшін үлкен мәселе туындатуда.
Қала әкімінің орынбасары тұрғындарға мәселенің себеп-салдарын түсіндіріп, алдағы жоспарлы жұмыстармен бөлісті. Уақыт күттірмейтін мәселелер бойынша сала мамандарына тиісті тапсырма берілді.
Сондай-ақ, Мақсұт Пернебайұлы мәселелерін жеткізу үшін кесте бойынша келесі аптаның сәрсенбісін күтпей-ақ, әлеуметтік желіде өзіне, не тиісті басқарманың ресми парақшасына жолдауға болатынын жеткізді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *