Шымкенттің көшелеріне 50 мың бейнебақылау камерасы орнатылады

Осылайша алып шаһар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылықтардың қатарын азайту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған аймаққа келушілер қатары күн сайын артып отыр. Сондықтан жергілікті тұрғындарға арналған ID-карта жобасы іске қосылмақ. Осы құжатқа ие болған адамдар қоғамдық көліктерде, тұрақтарда, кітапхана, театр немесе басқа жерлерде қалаға келген азаматтардан гөрі арзанырақ төлем жасайды. Айталық, қала тұрғыны көлік тұрағына 100 теңге төлесе, келушілер үшін бұл қызмет 200 теңгені құрайды.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкент қаласында 1 млн халық бар. Күнде қалаға кіріп-шығатын адамды санасақ, ол тағы 500 мың. Бірақ қаланың бюджеті 1 млн-ға ғана қарастырылған. Аялдама, жол, автотұрақ. Ол халықаралық тәжірибе. Егер сіз Шымкент қаласына келіп жатсаңыз, сіз осындай ақы төлейтін боласыз. Мен ол дұрыс деп ойлаймын».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *