Түркістан полицейлері Нұр-сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын 700 келі есірткімен ұстады

Түркістан полицейлері Нұр-сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын 700 келі есірткімен ұстады

 

Бүгін Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков брифинг өткізді. Полиция полковнигі мәлімдеді:

«»Қарасора-2020″ жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Созақ АПБ полицейлері және жергілікті қорықшылармен бірге есірткінің ірі партиясын тасымалдаған «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін ұстады.

Жедел уәкілдер көлікті тінту кезінде ішінен 37 полиэтилен қапшығы мен өсімдік тектес есірткі заттары бар бірнеше ыдыстарды тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған есірткі заты жалпы салмағы 650 келіден асатын «кептірілген марихуана» және 48 келіге жуық  гашиш болып шықты.

Анықталғандай, ұсталған екі күдікті Нұр-сұлтан қаласы және Жамбыл облысының бұрын сотты болған  тұрғындары. Күдіктілер есірткі салынған қапшықтар мен ыдыстарды алдын ала дайындап, Жамбыл облысынан шыққаны белгілі болды. Одан әрі олар Созақ ауданы арқылы жол бойындағы айналма жолдармен Қостанай облысына қарай кетпек болған. Алайда, Бетпақдала аумағында көлік жүрмейтін жолдармен жасырынып кетіп бара жатқан көлікті қорықшы байқап қалып, полицияға хабарлаған.

Ұсталған ер адамдарды оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Созақ АПБ-не жеткізді. Аталған жайт Созақ АПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда».

Бүгінгі күні Түркістан облысының полиция қызметкерлері күдіктілер есірткінің ірі партиясын қандай мақсатпен тасымалдағанын, сондай-ақ біздің облысқа есірткі құралдарын жеткізу арналарын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ТО  ПД-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *