ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қала аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы №39 қаулысы жарияланды.
Аталған қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 00-00-ден бастап 2020 жылғы 12 қазан күні сағат 00-00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылады. Адамдардың көп жиналуына байланысты еске алу, туған күн, мерейтойлар, құдалық, той, беташар сынды кез келген шараның өткізілуіне тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындарда жүруі шектеледі.
Қалада жүріп-тұру кезінде маска кию бойынша міндетті талаптар, адамдар арасында 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.
Үйлердің аулаларында, саябақтарға, алаңдарға, гүлзарларға, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топқа және бір отбасы мүшелеріне рұқсат етіледі. Жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топқа ғана рұқсат беріледі.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы