Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Ел президенті сапар барысында бірқатар нысанды аралап, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездеседі деп жоспарланған

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлады  Sputnik.кз

Сапар барысында Тоқаев қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі.

Сонымен қатар, білім беру орталығын, индустриялық және  инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, президент Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.

https://sputniknews.kz/society/20200925/15048287/Toqaev-Almaty.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *