ШЫМКЕНТ: «НR — PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА 2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН

ШЫМКЕНТ: «НR — PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА 2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН

Шымкент қаласындағы «HR-Process» бағдарламасы аясында мұғалімдердің жұмысқа тұру прцесі жалғасуда. Бүгінде жүйе пайдаланушылар саны 3 278-ге жетті.

 

бизнес

Аталған жүйе арқылы 106 мектеп бос жұмыс орындарына 499 жарияланым берген. Сол жарияланған вакансияға 2 134 өтініш келіп түскен.

Ал, комиссия қарауында 555 кандидаттан 1865 өтініш түскен. Оның ішінде кандидаттың 250-і конкурс жеңімпазы атанып, жұмысқа қабылданды.

Еске сала өтсек, «HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған.
Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтауды назарға алады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *