ШЫМКЕНТ: «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТ: «ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП ОРТАСЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтті.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тəжиева мəлімдеді.
— Акция шеңберінде мектеп инспекторлары кезекші сынып оқушыларымен жол қауіпсіздігі туралы сұхбат жүргізді. Ал, жоғары сынып оқушыларынан «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында онлайн режимде сауалнама алынып, тәрбие сағаты ұйымдастырылды, — деді Жанат Арысбекқызы.
Республика көлемінде өткен іс-шараның мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Сондай-ақ, «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік!» тақырыбында сурет байқауы да ұйымдастырылған.
Жалпы, акцияға қаладағы 147 мектептің 119 мың 540 оқушысы қатысқан.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі