Шонжы аулында салынып жатқан спорт кешені құлады

Шонжы аулында салынып жатқан спорт кешені құлады

 Фото: nege.kz сайтынан Фото: nege.kz сайтынан

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы аулында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құлады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Nege.kz порталына сілтеме жасап.

Ғимарат 2019 жылы салынып бастаған және 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс болған. Басылымның мәліметінше, құрылыс үшін 1,171 миллиард теңге бөлінген.

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов ғимарат неге құлағанына жауап бере алмады. Енді арнайы комиссия келіп, тергеу жүргізетінін атап өтті.

«Ертең мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп кетіпті. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана түсіп кеткен. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз», — деді Нұрахунов.


Фото: nege.kz сайтынан

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *