Қазақстанда қар жауады – үш күнге ауа райы болжамы
Қазақстанда қар жауады – үш күнге ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді, деп болжады синоптиктер
Қазақстанның солтүстігінде жақын күндері қар жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады,деп жазды Sputnik.кз
«Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді, жаңбыр жауады деп болжанып отыр», — делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде аптаның ортасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.
«Республиканың батысында ғана жауын-шашын тоқтайды», — деп болжады мамандар.
Айта кетейік, 21 қыркүйекте республиканың он өңірінде, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды.
https://sputniknews.kz/society/20200921/15012190/Qazaqqstanda-qar-zhauady.html