ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ МЕТАЛЛ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ МЕТАЛЛ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өнеркәсіп өндірісін 1,5 есеге арттыру туралы тапсырма бергені белгілі. Соған сәйкес, Шымкент қаласында металл зауыты салынып жатыр.
«Sin Yuan Steel» ЖШС-і салып жатқан бұл кәсіпорын Шымкенттегі ең ірі металл зауыты болмақ. Жылына 18 млрд. теңгенің металл прокатын өндіретін жаңа, заманауи зауыт «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Өндіріс орны 19,48 гектар аумақты алып жатыр.
Зауыттың құрылысы 2017 жылы басталған. Қазір 90 проценті салынып бітті. Бүгінде зауытты іске қосуға дайындық жүріп жатыр.
Зауыт іске қосылған кезде 250 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ, «Sin Yuan Steel» ЖШС-і өз аумағында қуаты 90 МВт болатын қосалқы станция салған.
Кәсіпорын жылына 500 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға қауқарлы. Шығарылатын өнім қатарында арматура (10 – 32 мм), созба сым (6 – 10 мм), бұрыш (30 – 80 мм), прут (10 – 20 мм), швеллер (6 – 16 мм), және таспалы болат бар.
Өнімдерді негізінен Орта Азия елдеріне экспорттау және ішкі нарыққа сату жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі