Экс-футболшы Қазақстан футболындағы былық-шылықты жайып салды
Экс-футболшы Қазақстан футболындағы былық-шылықты жайып салды
Экс-футболшы өзіне қандай ойын үшін осындай үлкен ақша ұсынылғанын нақтылап айтпады.
Экс-футболшы ешқашан алдын ала келісілген матчтарға қатыспағанын, бірақ қызығатындай ұсыныстар болғанын айтты.
— Алдын ала келісілген матчтарға ешқашан қатысқан емеспін. Мені білетіндерден сұраңыз, ешқандай ондайға көнбейтінімді бәрі жақсы біледі. Бірақ кейбір жанкүйерлер бар, жеңілсең, «мынау сатылыпты», — дейді, ал ұтсаң, «сатып алыпты», — деп жатады. Өз басымда, мысалы мынандай бір жағдай болды, олар маған байланысқа шығып, жарты миллион доллар ұсынды. Бізден жеңілуді сұраған жоқ, тек белгілі бір нәтижеге жетіп, соған тоқталсаңдар деді. Содан: «Жігіттер, сендер керек адамға шығып тұрған жоқсыңдар» деп айттым. Біздің футболда әрдайым осылай болады: жеңіліс- сатылды, ұтты-сатып алды. Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, барлық жердегі футболда бар нәрсе, — деді Смақов ER-BATYR Youtube каналына берген сұхбатында.
Экс-футболшы өзіне қандай ойын үшін осындай үлкен ақша ұсынылғанын нақтылап айтпады.