Отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді — Президент

Отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді — Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді - Президент
«Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын» деп жазды Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінетінін атап өтті.

«Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді» деп жазылған хабарламада.

https://www.inform.kz/kz/otandyk-biznesti-koldau-ushin-1-trln-tenge-bolinedi-prezident_a3627391

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *