Министр алдағы бес жылда фармацевтика саласы қалай өзгеретінін айтты

Атамқұловтың айтуынша, бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында фармацевтика саласында қандай жобалар іске асатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында бірқатар шаралар жүзеге асады. Соның ішінде дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін шығаратын 10 кәсіпорын да бар.

«Жалпы сомасы 100 миллион долларға дәрі-дәрмектің 80 жаңа түрін шығаратын кемінде 10 өндірісті іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады», — деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектің экспорт көлемін екі есеге немесе 116 миллион долларға дейін арттыру көзделген.

Медициналық бетперделер шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізіледі.

2021 жылдың бірінші тоқсанына қарай қорғаныш костюмдерінің өндіріс қуаты 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін ұлғаяды.

Атамқұловтың айтуынша, бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады. Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1%-ке өсті.

Індет басталғалы жеке қорғаныш құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есеге артқан.

https://sputniknews.kz/society/20200915/14957975/Ministr-farmatsevtika-salasy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *