Өзбекстанда карантиндік шектеулер 15 тамызға дейін ұзартылды

Өзбекстанда карантиндік шектеулер 15 тамызға дейін ұзартылды

Өзбекстанда карантиндік шектеулер 15 тамызға дейін ұзартылды

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен Өзбекстанда карантиндік шектеулер 15 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі

Осы кезең аралығында мына жағдайларға ерекше көңіл бөлінеді:

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

  • Жұмыс орнына тек қажетті мамандарды шақыруды ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен қалған мамандарды еңбек демалысына немесе қашықтықтан (онлайн) жұмысты ұйымдастырудың толық сақталуын қамтамасыз ету;
  • қызметкерлерді іссапарға жіберуді уақытша шектеу;
  • кездесулерді тек онлайн режимінде ұйымдастыру;
  • егер қыземшілер арасында коронавирус жұқтырғандар болған жағдайда, олардан хабар алып, емделуіне қажет дәрі-дәрмектер мен маңызды нәрселерді сатып алуына қызметкердің материялдық жағдайын есепке алып қаржылай көмектесу;

Аазаматтарға:

  • той, отбасылық жиын және басқа мерекелік шараларды өткізбеу;
  • қоғамдық орындарда, көшелерде, алаңдарда және аудандарда үш адамнан артық кісі топтаспауға, әлеуметтік қашықтықты (2 метр) сақтау, медициналық маскалар мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
  • егде жастағы және жекелеген түрдегі аурулары бар (қант диабеті, метаболикалық синдромдар, аутоиммундық аурулар, қан, жүрек, тамыр аурулары, онкологиялық аурулар және т.б.) азаматтарға коронавирус ауруының күшті әсер ететіндігін ескере отырып, 65 жастан асқан азаматтарды «өзін-өзі оқшаулау» өмір салтын ұстануы керек және үйден себепсіз шықпауы айтылады.
http://uza.uz/kz/society/zbekstanda-karantindik-shekteuler-15-tamyz-a-deyin-zartyldy-26-07-2020

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *