ШЫМКЕНТ: АШЫҚ КОНКУРС АРҚЫЛЫ 4 БІЛІМ МЕКЕМЕСІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: АШЫҚ КОНКУРС АРҚЫЛЫ 4 БІЛІМ МЕКЕМЕСІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Instagram әлеуметтік желісінде жария етті.

Ашық конкурста 10 мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына орналасуға 38 үміткер бақ сынады. Конкурс 7 кезеңнен тұрған. 4-кезеңге 18 үміткер өткен болса, 5-кезеңнен соң тек 9 үміткер қалған.

Қорыта келгенде, №2 мектеп-интернатына Сауранбаев Сапарғали, №72 мектепке Усманов Бегмат Нұраліұлы, №135 мектепке Михеев Берік Елтайұлы, №10 колледжге Елшиева Альбина Балғабайқызы аталған білім мекемелерінің басшысы лауазымына лайық деп танылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *