Шымкентте өте дөрекі екі азамат Нұр-Сұлтанға ұшатын әуе рейсінен түсірілді
Шымкентте өте дөрекі екі азамат Нұр-Сұлтанға ұшатын әуе рейсінен түсірілді
Құқықбұзушыларға әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі сағат 23:55-те Шымкент қалалық әуежайының Желілік полиция бөлімшесіне «Fly Arystan» әуе компаниясының өкілінен «Шымкент — Нұр-Сұлтан» бағытындағы рейстің салонында құқыбұзушылардың бар екені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік полицейлері тексеру барысында орын үшін туған жанжал кезінде өздерін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан 34 және 40 жастағы екі азаматты анықтады.
Акт бойынша екі құқықбұзушы жоғарыда көрсетілген әуе кемесінен түсірілді.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің екі бірдей бабымен, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігімен яғни, ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚБтК-тің 566 бабымен яғни, әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Құқықбұзушыларға әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Ұсақ бұзақылық бойынша материал Шымкент қалалық мамандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлерімен түрлі құқықбұзушылықтармен 30 000-нан аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық үшін — 500 азамат.