Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмды

Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмды

Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмды

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 78 жастағы азаматша қаладағы Абай ауданының тұрғыны. Ол 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. 29 сәуір күні азаматша жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған.

Науқаста қосалқы 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, өте жоғары тобы, созылмалы бронхит секілді аурулары болған.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 3 мамыр күні, сағат 10:20-да науқас қайтыс болды.

3 мамырда сағат 18:00-де Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 36 адам анықталды.

Елде барлығы – 3 913 жағдай тіркелген.

Барлығы 1000 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп, 27 адам көз жұмды.

https://www.inform.kz/kz/shymkentte-koronavirustan-bir-naukas-koz-zhumdy_a3645588

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *