ҰҚК бірнеше қалада арнайы операция өткізді
ҰҚК бірнеше қалада арнайы операция өткізді – видео
Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Sputnik. кз. ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігі, «А» және «Бүркіт» арнайы бөлімшелерімен бірлесіп арнайы операция өткізді. Рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан «Әлібековтер», «Ибрагимовтер» және «Махмудовтар» ұйымдасқан қылмыстық топтарының заңсыз әрекетінің жолын кесілді.
«11 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларындағы арнайы операция кезінде бұл топтардың 15 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың біреуі Ресейде бандитизм мен адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болатын. Атыс қаруының, оқ-дәрілер мен гранаталардың арсеналы алынды», — деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында.
Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолда бар айғақтарды бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Олар карантин салдарынан қиындыққа тап болған кәсіпкерлерден қорқытып алуды және рейдерлікпен айналысуды жалғастырған. Бөтеннің мүлкін алып қою кезінде атыс қаруы мен күш қолданған.
Арнайы қызметтер мен полицияның қылмыстық топтардың жоспарларын анықтау және оның жолын кесу бойынша жүйелі жұмысы жалғасып жатқаны хабарланды.
https://sputniknews.kz/incidents/20200914/14944680/UQK-qala-operatsiya.html