Нұрсұлтан Назарбаев Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана клубының» отырысына қатысқаны үшін қонаққа алғысын білдірді.

— «Астана клубында» сөйлеген сөзіңізді мұқият тыңдадым. Барлық мәселелерге жан-жақты тоқталдыңыз. Осы 27 жыл ішінде біз қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыс жасадық. Мен сіздің еліңізде алты рет болдым. Қазақстан Иранға көптеген мәселелер бойынша үнемі қолдау көрсетіп келеді, — деді Елбасы.

Өз кезегінде Мохаммад Джавад Зариф Иран басшылығы мен халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Иран Сыртқы істер министрі басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты шешу үшін Қазақстан астанасында келіссөздер ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

https://elbasy.kz/kk/news/2019-11/nursultan-nazarbaev-irannyn-syrtky-ister-ministri-mokhammad-dzhavad-zarifpen-kezdesti

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *