Шымкентте күзгі әскерге шақыру басталады
Шымкентте күзгі әскерге шақыру басталады
Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр. Бірінші қыркүйектен бастап 18 жасқа толған азаматтар қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментiнде медициналық комиссиядан, тесттерден және сұхбаттасудан өтуде. Биылғы жылдың күзінде Шымкенттен 700-ге жуық жастарды шақыру жоспарланған.
11 қыркүйекте жас толықтымның бірінші тобы өздерінің конституциялық борышын орындауға аттанады. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтіп жатыр. Онда шақыру комиссиясы төрағасы және медициналық комиссия төрағасының қатысуымен кандидатты қайта тексеру жүргізіледі. Оның қызметке бару мақсаты мен психологиялық көзқарасы тексеріледі.
Дәрігерлердің айтуынша, әскерге шақырылушылардың көпшілігі әскери қызмет өткеруге жарамды. Тек бір күнде жүзден астам жастар медициналық тексеруден өтеді.
Шымкенттің жергілікті әскери басқару органдарының хабарлауынша, еліміздің үшінші мегаполисінің жастары әскери қызметке белсенді қызығушылық танытуда, соның арқасында айтарлықтай бәсекелестік туындайды, тек үздіктер ғана әскерге бара алады.
Шақырылушылар мен лауазымды адамдар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейту үшін құрама пункттерде медициналық бекеттер орналастырылды. Облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист-дәрігерлер енгізілді.
Жас буынмен әскери бөлімдерге кетер алдында міндетті түрде ПЦР-зерттеулер әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Ал бөлімге келгеннен кейін жастарды екі апталық карантинге оқшаулайды. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар санатын кеңейту маңызды жаңалық болып табылады. Енді кейінге қалдыру қосымша беріледі: педагогтарға, олардың бүкіл жұмыс кезеңінде, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқып жатқан адамдарға.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі