Ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін — Алматы маңында әуе апатынан қаза тапқандардың туыстары
Ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін — Алматы маңында әуе апатынан қаза тапқандардың туыстары
2017 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына оқ атылған болуы мүмкін. Бұл туралы апаттан қаза тапқан ұшқыштардың туыстары айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап.
Ұшақ апатына қатысты сот процесі 3 жылдан кейін басталған болатын.
«Ұшақтың фрагменті мұқият тексерілмеген және әрбір фрагмент тіркелмеген. Апатқа қатысты мәліметтер толық жазылмаған. Шамамен 1 жылдан соң сарапшы Колесников ұшақтың шанағында қандай да бір зақым барын анықтаған. Неге бұл тексеріс барысында жазылмаған», — деп қорғаушы сот залында сұрақ қойды.
«Амал не, Колесников жүргізген есеп бізде болған жоқ», — деді Авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі бас маман Нұрлан Аккулов.
Сондай-ақ, апаттан қаза тапқан ұшқыштың әкесі Евгений Кутафин ұшаққа жерден оқ атылған болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, Ан-28 тікелей әскери полигонның үстінен ұшқан. «Время» газеті бұл деректі растайтын құжатты жариялаған. Онда ұшақ кабинасының алдыңғы терезесі шағылғаны жазылған.
Алайда тергеу барысында көлік прокуратурасының сауалына «ұшақ ұшып бара жатқанда атыс болмаған» деген жауап жазылыпты. Евгений Кутафин егер олай болса, ұшақтағы белгілер қалай пайда болғаны түсініксіз екенін айтады. Ол ұлы мен екінші ұшқыштың дайындығы жақсы болған, олар қате жібермеді деген пікірде. Сонымен қатар, сараптама қорытындысы олар апатқа ұшырағанға дейін денесінде жарақат пен күйік болмағанын көрсеткен.
Айта кетейік, 2017 жылдың 3 қазанында Алматы маңында Ан- 8 ұшағы апатқа ұшыраған еді.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ushakka-ok-atyilgan-boluyi-mumkn-almatyi-manyinda-aue-312864/