Ақтау тұрғынын аулада атып кетті

Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр

 Ақтаудың 5-ші ықшам ауданындағы аулалардың бірінде ер адамды атып кетті.

Қалалық полиция басқармасының кезекші пультіне 9 қыркүйек күні сағат 19.55-те қоңырау түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жетті.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады  Sputnik.кз.  жергілікті «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Жарақат алған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан көз жұмғаны хабарланып отыр.

Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

//sputniknews.kz/incidents/20200911/14927800/Aqtau-aula-atys.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *