«Әр сөзін ой елегінен өткіздім»: Тоқаев жолдауды өзі жазғанын айтты

Президент барлық басшы, кәсіпкерді жолдауды толық жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында таяуда жариялаған жолдауды өзі жазғанын айтты, деп хабарлады Sputnik.кз

«Жолдаудың әр сөзін ой елегінен өткізіп отырып, жұмыс істедім. Бұл құжат менің өз қаламымнан шықты. Артық айтылған ештеңе жоқ, бәрін іске асыруға болады. Барлық басшыларды, кәсіпкерлерді жолдауды толық жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жұмыс сапары аясында балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты. Оған пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы.

Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30%-і Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Шикізатты облыстағы 12 мыңнан астам жеке шаруа қожалығынан сатып алады.

Тоқаев компанияның өндіріс қарқынын арттыру жоспарымен танысып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Глава государства посетил ТОО Милх
Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС өндірісімен танысты

Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудың маңызына назар аударды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекет пен үкіметке қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды. Белгілі себептерге байланысты шешімін таппаған көптеген міндеттер қазіргі уақытта жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы орындалуда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы да, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері де шешімін тауып келеді», – деді президент.

Мемлекет басшысы сөз соңында кәсіпорын басшылығына қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін алғыс білдірді.

https://sputniknews.kz/regions/20200910/14922700/Tokaev-zholday-2020.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *