ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
«Биыл мақта жинауды ертерек бастап отырмыз. Бұл өз кезегінде өнімді жерде қалдырмай толық жинап алуға өз септігін тигізеді. Арнайы комбайнмен мақтаны жинау қол теріміне қарағанда тиімді. Бұйырса алдағы 2-3 күнде бірінші терімді толық жинап боламыз»,- дейді шаруа қожалығының төрағасы.
Айта кетерлігі, былтыр аудан бойынша 46 655 мың гектарға мақта егіліп, одан 122 мың тонна өнім алынған. Биыл Жетісай ауданы бойынша мақта егілген жерлер 48 943, 8 мың гектарды құрайды. Одан алынатын өнім шамамен 125 мың тонна болады деп күтілуде.
Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі